Оспан Пішенбаев


Пшембаев Оспан, 1922 туған.
Әскерге Тельман АӘК шақырылған;
Орталық майданның 70 Армиясы 102-атқыштар дивизиясының 40-атқыштар полкінің бөлім командирі;
кіші сержант;
Курск шайқасына қатысқан;
1943 жылы 8 наурызда қаза тапқан, Курск облысы Дмитриевск ауданының Ивановск хуторының аумағында жерленген.



Қиыр Шығыстағы Еврей автономиялық облысының орталығы Биробиджан қаласында шекарашыларды дайындайтын алты айлық мектепте оқып жатқан Оспан Пішембаев Орақ бауырына ыстық ықыласқа толы хат жазады. Елін, ауылын, туғандарын сағынған Оспан түсінде ауылы мен үйін жиі көретінін айтады. Ауылдан кеткелі 5 ай ішінде қазақша ән естімедім деп өкінеді: «Қазір радио арқылы қазақша бір өлең берсе, төбем көкке жеткен болар еді. Бірақ бермейді. Әлі елден шыққалы бүгін 5-ай бір қазақ өлеңін естіген емеспін».

Туған елден жырақта жүрген 20 жасар жігіт әскери тұрмысы туралы «Әскерлі тұрмыс барлық жерде бірдей-ғой, дегенмен пограничный войскада условия тәуірлеу» деген хат жолдарынан сұрапыл соғыс кезіндегі шекарашылар мектебінде оқыған әскерлер туралы біршама хабар алуға болады. Хат авторының айтуынша, шекарашылар әскерінде жағдай жақсырақ, тамағы да жаман емес, жаз уақытында әрқайсысына 800 гр. нан тиесілі болса, күн суытқанда, қыста, нанның мөлшері артып, 900 гр. берілетін болған екен. Әскерлердің ұйқысы мен оқуы, жұмысы да белгілі бір тәртіпте орындалып отырған. 6 айға созылатын шекарашылар мектебінде оқуға 10 сағат уақыт берілсе, 8 сағат міндетті түрде ұйқыға бөлінген.




Комментариев нет:

Отправить комментарий