Майданнан хат келді...


Үшкіл хат... (үшкіл мөрі де)
Атүсті аптық жазылған.
Онда бар ащы терім де,
Жұғын бар окоп сазынан.

Хаттарым – өткен жолым ғой
Елемей ауыр бейнетін,
Жеңісте ғана болып ой
Түнерген қабақ бейне түн.

Хаттарым – достар қөңілдес,
Майдандас ерлер – өмірлес
Ол-олма, не бар бүкпелеп,
Қапыда кетсең – өлімдес...

Мұзафар Әлімбаев

Майданнан келген хаттар... Арада сан жылдар өтсе де, сарғайған қағаздарды қолға алып оқыған адамның жүрегі елжіремеуі мүмкін емес… Осы хаттар уақыт өткен сайын тарихи құндылықтарға айналып келеді, онда сұрапыл соғыстың ұлы тарихы мен қасіреті бейнеленген.
Сол кездегі көздің жасы сіңген хаттарда сарқылмас сағыныш пен қайғы-қасірет бар.
От пен оқтың ортасында, окопта, госпитальдерде жазылған хаттар қолдан қолға беріліп майдан алаңындағы жауынгерлер мен шалғайда қалған туған-туысқандардың арасын жалғастырды.Майданнан келген хаттар тыл еңбеккерлеріне аянбай еңбек етуге рух берді, Жеңістің таңы атады деген үміт сыйлады.
Соғыс құжаттары... Әрбір жазылған хатта майдан даласындағы біздің талай жерлестеріміздің қиын тағдыры жатыр.


















Комментариев нет:

Отправить комментарий