Елубаев Қамали, 1911 жылы туылған.
Шет ауданы, Қызыл-тау совхозында мектеп директоры қызметін атқарып жүргенде Ұлы Отан соғысына аттанған (1941-44).
Қамали Елубаевтың қызы Қапуза Қамалиқызының әкесі туралы анасының айтқандары бойынша естелігі: "Әкеміз Елубаев Қамали 1911 жылы туылған. Соғысқа Шет ауданы, Қызыл-тау совхозында мектеп директоры қызметін атқарып тұрғанда аттанған. Артында анасы, әйелі, қарындасы (тәтем), екі баласы қалған. Шет ауданы, Қызыл-тау совхозында мектеп директоры қызметін атқарып жүргенде Ұлы Отан соғысына аттанған (1941-44).
Әйелі - Елубаева Күлзипа Бесоба колхозында жұмыс істеген (әрине қара жұмыс, егін, шөп т.б.)
Тәтем , Елубаева Зейнекеш, ауылдық советтің секретары жұмысын атқарды. Содан зейнетке шықты. Балалары:
Елубаева Қапуза, Қарағанды педагогикалық институтын бітіріп, мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін сабақ бердім. Қазір зейнеткермін. Алты баланың анасымын.
Қамалиева Баян, Қарағанды педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. Қазір зейнеткер, төрт баланың анасы".
Төмендегі фотосуретті Елубаев Қамалидің қызы Елубаева Қапуза былай суреттейді: "Мына фото өзімен (Елубаев Қамали – біздің ескерту) бірге жұмыс жасаған әріптестері деп еді тәтем. Алдыңғы қатарда ортада, солдан санағанда үшінші отырған қалта сағат цепкасы тағылған жігіт. Екі жағында екі орыс жігіті отыр (татар болуы да мүмкін)
Галстук тағып отырған кең маңдайлы жігіт - сол біздің әкеміз Елубаев Қамали.
Фотоға 1938-1939 жылдары түскенге ұқсайды.
Әкеміз Қарқаралының педучилищесін бітірген болуы керек. Математикадан сабақ берді деп отыратын шешелеріміз, өйткені семинар, педкурстар Қарқаралыда өтіп тұратын. Біздің білетініміз осы ғана".
«Құрметті көретін жан баурм Зекен. Аман сау жүріп жатырсынпа отлично оқып жатырсынпа жаным оқуды отлично оқы, менен амаңдық қабар білмек болсаң есен сау жатрмыз үй ішіне тегіс сәлем аға женке, ауру сырқаудан үй іші тегіс аманпа аға менің Сізге тапсыратыным Зекенімді сізге тапсырдым. Мен адірісімді жаздым осы мен қат жаз.
Әдіріс
Полевая почта №1759
5/IV-42
Хат авторының орфографиясы мен пунктуация сақталған
Комментариев нет:
Отправить комментарий